Теміржол тасымалдары жөніндегі менеджер
Біз ұсынамыз:
- Тату әрі қолдау көрсететін команданың бір бөлігі болып, сенім мен құрмет атмосферасында дамуға, өз әлеуетіңізді іске асыруға және компания мақсаттарына жетуге ықпал етуге мүмкіндік.
- Ресми жұмысқа орналастыру.
- Бәсекеге қабілетті еңбекақы.
- Бөлім ішінде және компанияның сабақтас бөлімшелерінде мансаптық өсу мүмкіндігі.
- Тұрақты жұмыс кестесі: дүйсенбі–жұма, 09:00–18:00.
- Қолайлы жерде орналасқан жайлы кеңсе: Әуезов көшесі, 109.
- Әлеуметтік пакет: ұялы байланыс шығындарын өтеу, сынақ мерзімінен кейін ерікті медициналық сақтандыру, отбасы мүшелерін сақтандыруға қосу мүмкіндігі, біржолғы сыйақылар, корпоративтік іс-шаралар және балаларға жаңа жылдық сыйлықтар.
Негізгі міндеттер:
- Теміржол тасымалдарын жоғары сапа деңгейінде ұйымдастыру.
- Теміржол тасымалдары бойынша сатылымды арттыру.
- Компанияның меншікті вагон паркін пайдалану және тартылған вагон паркімен жұмыс істеу.
- Қазақстандағы және шетелдегі көлік-экспедиторлық компаниялармен жұмыс істеу.
- Теміржол тасымалдарын жоспарлау үдерістерін үйлестіру.
- Маршруттар мен жылжымалы құрам қозғалысының кестелерін оңтайландыру.
- Жүктерді тиеу және түсіру кестелерін есепке алу.
- Клиенттерге тасымал, тарифтер және шарттар бойынша кеңес беру.
- Жүк иелерімен ай сайынғы мониторинг, кездесулер және келіссөздер өткізу.
- Тасымалдау өтінімдерін өңдеу, мөлшерлемелерді есептеу, клиенттерге жауап беру және жеткізушілерге сұрау жіберу.
- Вагондар мен жүктердің жай-күйі мен орналасқан жерін бақылау.
- Тасымалдау мерзімдері мен шарттарының сақталуын бақылау.
- Теміржол жүктерін тасымалдауды ұйымдастыру және бақылау бойынша жеткізушілермен және экспедиторлармен өзара іс-қимыл жасау.
- Жүк жөнелту станцияларында код беру туралы жеделхаттарды дайындау және жіберу.
- Жөнелту ақпаратының уақтылы берілуін бақылау.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Жоғары білім, теміржол тасымалы, логистика, көлік немесе сабақтас салалар бойынша білім құпталады.
- Көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Халықаралық логистикалық компанияда немесе теміржол тасымалына маманданған қазақстандық компанияда жұмыс тәжірибесі.
- Теміржол жүк тасымалдарын ұйымдастыру және басқару ерекшеліктерін білу.
- Теміржол тарифін есептеу әдістемесін білу.
- Теміржолмен жүк тасымалдау ережелерін білу.
- Қазақстан Республикасының көлік заңнамасының талаптарын білу.
- Халықаралық көлік заңнамасының талаптарын білу.
- «Полюс» және Rail Tariff бағдарламаларын білу.
Сізді IFC COLOS командасының бір бөлігі болуға шақырамыз!
Email: hr@colos.kz